Былтыр етті бағыттағы асыл тұқымды іріқара мал басының өсімі 55,3 мыңды құрады - ҚР АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Асыл тұқымды мал басын арттыру жобасын іске асыру басталғалы бері елге 40,4 мың бастан астам мал импортталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Былтыр етті бағыттағы асыл тұқымды іріқара мал басының өсімі 55,3 мыңды құрады - ҚР АШМ

Министрдің айтуынша, жоба басталған кезде асыл тұқымды мал басының саны төмен болды және іріқара малы жалпы санының 5,6 пайызын құрады. Қазір бұл көрсеткіш 9 пайыздан асып отыр.

«2013 жылы етті бағыттағы асыл тұқымды іріқара малының өсімі 55,3 мың басты немесе 2012 жылғы көрсеткішке қарағанда 25 пайызды құрады. Бұл ретте, өткен жылы негізгі өсім асыл тұқымды малды импорттау (20,8 мың бас) есебінен емес, ішкі малдың өсімін молайту (34,5 мың бас) есебінен орын алды», - деді А. Мамытбеков.

Белгілі болғандай, асыл тұқымды мал басын арттыру жобасын іске асыру басталғалы бері елге 40,4 мың бастан астам мал импортталды. «Әкелінген мал қолда бар асыл тұқымды мал басын сапалы жақсартуға мүмкіндік берді», - деді министр.