Былтыр инфекциялық дерттер бойынша ахуал тұрақты болды - ҚР ДСМ
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылғы инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, обамен, тырысқақпен, паратифпен, дифтериямен, полиомиелитпен, сіреспемен сырқаттанушылық жағдайлары тіркелген жоқ.
Іш сүзегімен, туляремиямен және трихинеллезбен сырқаттанушылықтың бірен-саран жағдайы тіркелді.
2011 жылмен салыстырғанда 28 нозологиялық түр бойынша төмендеу байқалады, оның ішінде қызамық 3,4 есеге, қызылша 2,3 есеге, жіті вирустық гепатиттер 36,3%-ға, оның ішінде: А гепатиті 37,5%-ға, С гепатиті 25,8%-ға, В гепатиті 29,5%-ға, менингококк инфекциясы 41,2%-ға, көкжөтел 35,8%-ға, қышыма 27,6%-ға, сарып ауруы 17,4%-ға, жіті ішек инфекциясы 12,3%-ға, эхинококкоз 5,8%-ға, сальмонеллез 5,8%-ға, тыныс алу мүшелерінің туберкулезі 5,4%-ға, кене вирустық энцефалиті 7 жағдайға, күйдіргі және қанды қызба 2 жағдайға төмендеді.