Былтыр инновациялық өнім көлемі 66 пайызға ұлғайып, 235 млрд. теңгеге жетті - Статистика

АСТАНА.  8 тамыз. ҚазАқпарат -2011 жылы өнімділік және үдеріс инновациялар бойынша кәсіпорынның инновациялық белсенділігі 5,7 пайызды,  ал  ұйымдастырушылық және маркетингтік инновация есебімен - 7,1 пайызды құрады.
None
None

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда есепті кезеңде инновациялық технологиялық инновацияларға күрделі және ағымдағы шығындар 194 990,9 млн.теңгені құраған. Одан технологиялық инновациялармен байланысты көлік және жабдықтарды сатып алуға бағытталған шығын 29,1 пайызға тиесілі болса, 24,1 пайыз - өндірістік жобалауға, жаңа өнімдерді шығару үшін өндірісті дайындаудың басқа түрлері, 15,9 пайыз - жаңа қызметтер немесе оларды өндіру әдістерін енгізуге, 3,1 пайызы өндірістік үдерістердің жаңа өнімдерін әзірлеуге және зерттеуге  жұмсалған.

Өнімдік және үдерістік инновациялары бар кәсіпорындар саны 614 бірлікті ( 2010 жылы 467 бірлік болатын), ұйымдастырушылық және маркетингтік инновация есебіндегілер 762 бірлікті (2010 жылы - 572 бірлік) құраған. Олардың ең көп саны Алматы қаласында (өнімділік және үдерістік инновациялары бар кәсіпорындардың жалпы санынан 23,3 пайыз), Қарағанды (11,6 пайыз), Шығыс Қазақстан (11,4 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (8,3 пайыз), Жамбыл (6,7 пайыз), Ақтөбе (6,0 пайыз) және Қостанай облыстарында (5,0 пайыз) шоғырланған. Инновациялық өнімнің көлемі 66,0 пайызға ұлғайып, 235 962,7 млн. теңгені құрады. Бұдан бөлек, есепті кезеңде 14 330,6 млн. теңге сомасына инновациялық сипаттағы қызмет көрсетілген, бұл өткен жылдан 62 пайызға көп.

 

Соңғы жаңалықтар