Былтыр кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары 28 бірлікке артты - Білім және ғылым министрі

/Қанат Мәметқазыұлы/ - 2010 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 28 бірлікке артып, олардың саны 894-ті құрады. Бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.
None
None

Министрдің айтуынша, былтырғы жылы кәсіптік және техникалық білім ошақтарына оқушыларды қабылдау 4,6 мыңға артып, оларда білім алатындар саны - 216,8 мыңға жеткен. Сонымен қатар 2010 жылы 7 мыңға тарта инженер-педагог қызметкер біліктілігін арттырса, олардың 107-сі шетелде шыңдалған. «Алайда, мамандарды даярлау сапасы әлі де өз деңгейінде емес. Оның бір себебі - оқушылардың нақты практикамен жеткілікті қамтылмауында болып отыр. Бұл жүйелі техникалық білімнің өндірістен қол үзуімен байланысып жатқан проблема. Бұл ретте негізінен кәсіптік техникалық училищелер көптеген елдердің тәжірибесіне сай ірі кәсіпорындардың жанынан құрылуы қажет», - деді Б. Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар