Былтыр Қазақстан 1,5 млрд. теңгеден астам сомаға 8 елге гуманитарлық көмек көрсетті - ТЖМ
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылы Қазақстан 1,5 млрд. теңгенің гуманитарлық көмегін жүзеге асырды.
Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті.
«Біз Мемлекет басшысының нұсқаулы тапсырмаларына сәйкес, гуманитарлық көмектің де ауқымды мөлшерін жүзеге асырып келе жатырмыз. Мәселен, 2011 жылы Тәжікстанға, Ауғанстанға, Пәкістанға, Қырғызстанға, Самолиге, Украинаға, Жапонияға, Түркияға гуманитарлық көмектер жүзеге асты. Бұлардың жалпы мөлшері 1,5 млрд. теңгеден асты», - дейді В. Божко.