Былтыр Қазақстан 20 мемлекетке 100-ге жуық сериал сатқан - Дархан Қыдырәлі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қанша мемлекет Қазақстанда түсірілген сериалдарды сатып алып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпыұлттық идеологияда сериалдардың маңызы өте зор. Мәселен, отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіру, еңбек адамы немесе басқа да бағыттағы жұмыстар сериалдарға енгізіліп жатыр», - деді Д. Қыдырәлі Сенатта «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердің мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы орны» тақырыбында өткен жиында.

Осы орайда министр отандық сериалдарға шетелде сұраныс бар екенін айтты.

«Біздің сериалдарға ішкі нарықта және халықаралық деңгейде үлкен сұраныс бар. Былтырдың өзінде 20 мемлекетке 100-ге жуық өнім сатылған», - деді Дархан Қыдырәлі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда түсірілген сериалдар АҚШ, Пуэрто-Рико, Канада, Латын Америкасында көрсетілді.

Айта кетейік, биыл отандық сериал контентіне арналған «Nauryz» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.


Соңғы жаңалықтар
telegram