Былтыр Қазақстанда ағымдағы бағада 15 трлн. 887,8 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Былтыр Қазақстанда ағымдағы бағада 15 трлн. 887,8 млрд. теңгені құрайтын өнімдер өндірілді,

Былтыр  Қазақстанда  ағымдағы бағада 15 трлн. 887,8 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жедел деректер бойынша жалпы Ішкі өнім көлемі ағымдағы бағаларда 15 трлн. 887,8 млрд. теңгені құрады. 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ІЖӨ-нің нақты өсуі 1,2 пайыз болды. ІЖӨ-нің құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 43,8 пайызды, ал қызмет көрсетулер - 54,8 пайызды құрады», деді бүгін Астанада баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов. Оның айтуынша, алдын-ала мәліметтер бойынша, 2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ІЖӨ-нің өсімі 6,4 пайызды құрады. «2010 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 353,7 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 9,5 пайызға кем», деді ол.