Былтыр Қазақстанда өндіріс ошақтарында 300-ден астам адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстанда өндірістік жарақаттардан 301 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен брифингте Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі комитет төрағасы Ақмади Сарбасов.
None
None

«2013 жылы өндірістік жарақаттардан 301 жұмысшы қаза болды. Дегенмен, өндірістік жарақаттар саны 40 пайызға төмендеген, 2003 жылы - 3373 адам, 2013 жылы - 1997 адам», - деді А.Сарбасов.

Оның ақпараттарына қарағанда, жарақаттың ең жоғары көрсеткіштері құрылыс (17,5%), тау-кен (15,6%), ауыл шаруашылығы (7,6%) және өнеркәсіптік (5,7%) салаларда тіркеледі.

Соңғы жаңалықтар