Былтыр Қазақстанда үш мыңға жуық суицид тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылы Қазақстанда 2 932 суицид тіркелді.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Суицид мәселесіне тоқталатын болсақ, өткен жылы 2932 адам тіркеліп, 2013 жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға төмендеу байқалды», - деді комитет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, өзіне қол жұмсау бойынша статистиканы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика орталығы жүргізеді. Жалпы соңғы бес жылда елімізде өлім-жітімнің төмендеуі үрдісі жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар