Былтыр қазақстандықтар шетелде қандай қауіпті инфекциялар жұқтырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті 2017 жылы қазақстандықтар шетелден қандай қауіпті жұқпалы ауруларды әкелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Былтыр қазақстандықтар шетелде қандай қауіпті инфекциялар жұқтырды

«2017 жылы Қазақстана 14 жұқпалы ауру әкелінген, соның алтауы Денге безгегі, бесеуі тырысқақ, қалған үшеуі безгек», - деп жауап берді комитеттегілер ҚазАқпарат тілшісінің сауалына.

Ведомстводағылардың айтуынша, Қазақстанның халықаралық қатынастарының дамуы және миграция мәселесінің күрделенуіне байланысты елде кез келген қауіпті аурулар пайда болуы мүмкін.

Қауіпті аурулардың ішінде карантиндік және ерекше қауіпті аурулар (оба, тырысқақ, бруцеллез, Сібір жарасы, т.б.), ауа арқылы жаппай тарайтын аурулар (тұмау), қайталанатын аурулар (қызылша, қызамық, т.б.), сондай-ақ Эбола, Денге безгектері сияқты халықаралық деңгейде төтенше жағдайларға себеп болатын аурулар ерекше қауіп төндіреді.