Былтыр Кеден одағы елдерінің Қазақстанға импорты 4 пайызға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Кеден одағы елдерімен өзара саудасы 24 млрд. 230,9 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2012 жылғы кезеңмен 1,4 пайызға артық. Соның ішінде экспорт 5 млрд. 863,6 млн. доллар (5,9 пайызға аз), импорт 18 млрд. 367,3 млн. долларын (өсім 4 пайыз) құрап отыр.

Былтыр Кеден одағы елдерінің Қазақстанға импорты 4 пайызға өсті

Статистика агенттігінің хабарлауынша, Қазақстанның экспорт құрылымының басым бөлігін минералды өнімдер (40,9 пайыз Кеден одағы елдерінің барлық экспорттының көлеміне), металдар және олардан жасалған бұйымдар (24,2 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,7 пайыз) құрады.

Ал Ресей мен Беларусь елінен үлкен дәрежеде минералды өнімдері (Кеден одағы елдерінің импорттың жалпы көлеміне 28,2 пайыз), машиналар және жабдықтар (24 пайыз), металдар және олардан жасалған бұйымдар (15,1 пайыз), химиялық өнеркәсіп өнімдері (11,5 пайыз), мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (10,6 пайыз) әкелінеді.