Былтыр кеден органдарының жұмыс сапасы төмен болып, жекелеген түсімдер бюджетке түспей қалды - Есеп комитеті
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сөз арасында Комитет төрағасы Кеден одағының жүзеге асуы барысында, оның экономикалық қауіпсіздігін және тиімділігін арттыруға бағытталған сауда операцияларының сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесіне назар аудартты. Бұл ретте О. Өксікбаев салық және кеден органдарының қызметін реттейтін заңнамада бірқатар кемшіліктер жіберілгенін айтып, солардың бастыларына тоқталды.
«Біріншіден, «тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу» кедендік режимде өнімдерді сыртқа шығарудың Үкімет бекіткен көтеріңкі нормалары сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қайта өңделген мұнай өнімдерін баж салығынсыз әкетуді ұлғайтуға мүмкіндік берді. Екіншіден, кеден заңнамасында кедендік сараптаманың мақсатын реттейтін норманың болмауы бюджеттің зиян шегуіне әсер етті. Үшіншіден, Салық кодексінің нормалары есептілікке ұсынбай, салық төлеуден жалтарғандардың операциялық шығындарын шегерім сомасынан алып тастауға мүмкіндік берілген жоқ. Төртіншіден, бюджетке түсетін түсімдердің тәуекелдерін бағалаудың айқын өлшемдері әзірленбеген. Осы өлшемдер тәуекелді жою үшін пәрменді шараларды уақытылы қолдануға мүмкіндік берер еді», деді О. Өксікбаев. Оның айтуынша, жоғарыда көтерілген мәселелер Үкімет тарапынан шешімін тапса, бюджетке түсімдер де ұлғая түсер еді.