Былтыр «Нұр Отан» партиясы ел азаматтарынан келіп түскен 85 мыңнан астам өтінішті қарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр «Нұр Отан» партиясы ел азаматтарынан келіп түскен 85 мыңнан астам өтінішті қарады. Бұл туралы бүгін Қоғамдық қабылдаулар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері жөніндегі селекторлық кеңесте «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

Былтыр «Нұр Отан» партиясы ел азаматтарынан келіп түскен 85 мыңнан астам өтінішті қарады

«Былтырғы жылы мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары мен депутаттардың жеке қабылдауларының саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 7 есеге артты, ол 26 мыңға жуықтаған. Республикалық қабылдаудағы әрбiр төртiншi қабылдау министрлер мен агенттiк төрағаларының қатысуымен ұйымдастырылды. Барлық деңгейдегi әкiмдер 3 мыңға жуық қабылдау өткiздi. Жалпы алғанда, 2014 жылы ел азаматтарынан келіп түскен 85 343 өтiнiш қаралған.Олардың 73 пайызы - ауызша, 27 пайызы - жазбаша түсті, соның ішінде 6 780 өтiнiш онлайн режімде берiлді», - деді Бауыржан Байбек.

Оның сөзіне қарағанда, өтiнiштердi талдау барысында анықталғанындай, жұртшылық арасындағы негiзгi мәселелер әлеуметтiк сипатта болып отыр. Соның ішінде тұрғын үй мен жер телiмiн бөлу, жұмысқа орналасу мен жалақының төленбеуi, ипотека проблемалары мен шағын бизнестiң мәселелерi бар. Бұдан бөлек, біршама арыз-шағымдар құқық қорғау органдарының жұмысына қатысты болып отыр.

Бауыржан Байбектің айтуынша, «Нұр Отан» партиясы өткен жылы аса маңызды мәселелер бойынша 389 тақырыптық қабылдаулар өткiзсе, ондай қабылдауларға 2024 адам қатысқан.