Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 80 мың жұмыс орны құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр елімізде жалпы астық жинау 18,7 миллион тоннаны құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару 4,4 пайызға ұлғайды. Бүгін Парламент Мәжілісінде 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстырған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.

 Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 80 мың жұмыс орны құрылды

«Көлік коммуникациясы бойынша 2020 жылы нәтижеге қол жеткізілетін 28 нысаналы индикатор көзделген. Қорытындысында 580 шақырым автомобиль жолындағы жұмыстар аяқталды, 1 116 шақырым жол жөнделді. Жалпы былтырғы бюджет бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасына байланысты қаржыландырудың екі форматы бойынша 707 млрд. теңге игерілді. Оның ішінде 492 млрд. теңге бюджет арқылы қаржыландырылған болатын. 80 мың жұмыс орны құрылды, 456 шақырым автомобиль жолы салынды және реконструкцияланды», - деді министр.
Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында 673,5 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды. Бұдан бөлек, отандық өндірістің автомобильдерін сату көлемі 4 540 бірлікті құрады.