Былтыр орман өртінен келген залал 119,04 млн. теңгені құрады - А.Мырзахметов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтыр орман өрттерінен келген залал 119,04 млн. теңгені құрады. Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Алматы облысындағы есептік кездесуінде осылай мәлім етті. Министрдің айтуынша, 2015 жылы мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда 476 орман өрті тіркеліп, 9 614,2 гектарды жалын шарпыған.
None
None

«Орман өрттерінен келген залал 119,04 млн. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге аз. Дегенмен, ормандағы өрт шарпыған аумақ 3,2 есеге артып, бір өрттің шарпыған орташа көлемі 20,2 гектарға жетті», - деді А. Мырзахметов.
Ведомство басшысының айтуынша, 2015 жылы ормандарды қалпына келтіру мен ағаш отырғызу жұмыстары 60,2 мың гектарға жүргізілген.

«Орман секторын дамытудың аса маңызды басымдығының бірі - ағаш егу шаруашылығы және ормандарды қалпына келтіру. Ел дамуының 2030 жылға дейінгі стратегиясында және жыл сайынғы жолдаулардың барлығында Елбасы аталған бағыттың маңыздылығын атап келеді. Яғни, бұл мемлекет аумағының экологиялық тұрғыдан оңала түсуіне қозғау жасауда», - деді А. Мырзахметов.

Сондай-ақ, министр 300 мыңға жуық отандасымыз тұрмысының осы орман-тоғаймен байланыстылығына тоқтала келе, мемлекет тарапынан атқарылған жұмыстың бір парасын атап өтті.

«Жылдан-жылға ормандарды қалпына келтіру мен ағаш егу шаруашылығының көлемі мен сапасын арттыру күн тәртібінде. Бүгінде қолдан отырғызылған 1 млн. га орман алқабы бар. Өз кезегінде, бұл ел аумағындағы орманды жерлердің 10 %-ын құрап отыр», - деді Асқар Исабекұлы.

Соңғы жаңалықтар