Былтыр орман өрттерінің 701 оқиғасы тіркелді - Ерлан Нысанбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Қазақстанда орман өрттерінің 701 жағдайы тіркелді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр орман өрттерінің 701 оқиғасы тіркелді - Ерлан Нысанбаев

Қазақстанда 2019 жылмен салыстырғанда орманмен қамтылған алқап 188 мың гектарға ұлғайғанымен, орманды жерлерді молықтырудың жоспарлы көрсеткіші орындалмады. Жоспарланған 54,4 мың гектардың іс жүзінде орындалғаны аумағы 51,3 мың гектар. Мемлекет басшысының орман қорында 5 жыл ішінде 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында облыс әкімдіктерімен бірлесіп өңірлер бойынша Ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі кешенді жоспарлар әзірленіп, бекітілді», - деді Нысанбаев.

Оның айтуынша, ағаш отырғызудың ең көп көлемі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Семей мен Ертіс орманы орман резерваттарының аумағында қол жеткізіледі. Атқарылған іс-шаралар 2030 жылға қарай елдің ормандылығын 5 пайызға жеткізу мүмкіндік береді.

«Мемлекеттік орман қоры аумағында 41,8 мың гектарды қамтыған орман өрттерінің 701 оқиғасы тіркелді. Орман өрттерінің ауқымды алқаптары Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында, сондай-ақ «Семей орманы» резерватының аумағында тіркелген. Жалпы республика бойынша бұдан келген залал - 2,1 млрд теңге», - деді Нысанбаев.