Былтыр өткізілген ауылшаруашылық өніміне баға 1,7 пайызға төмендеді
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
2011 жылы желтоқсанда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауылшаруашылық құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 13,8 пайызға арзандады, ал мал шаруашылығы өнімі - 14,9 пайызға қымбаттаған.
2011 жылы баға қарақұмыққа 20,2 пайызға, бидайға - 19,4 пайыз, қара бидайға 3,9 пайызға төмендеді. Сонымен бірге, бағаның өсуі жүгеріге 12,2 пайыз, сұлыға - 10,1 пайызға, арпаға - 5,3 пайыз, күрішке 3,4 пайызға белгіленді. Өткен жылдың ішінде сәбіз 15,9 пайыз, қырыққабат - 10,7 пайыз, картоп - 8,5 пайыз, қызылша 3,3 пайызға арзандады. Баға өсімі күнбағыс тұқымына 13 пайыз, жеміс-жидекке - 8,3 пайыз, жүзім - 6,5 пайызды құрады. Мақта 21,6 пайызға, темекі - 2,2 пайызға, қант қызылшасы 1,5 пайызға арзандады.
Баға жұмыртқаға 0,4 пайызға төмендеді, шикі сүт 15,4 пайызға өсті. Қой еті 31,3 пайыз, ірі қара мал еті - 23,9 пайыз, шошқа еті - 5,5 пайыз, құс еті 1,1 пайызға қымбаттады. Баға өсімі жүнге 19,6 пайыз, балға - 9 пайызды құрады.