Былтыр президенттік тест тапсыруға 4 миллионнан астам адам қатысты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылы елімізде дене шынықтыру дайындығынан президенттік тест тапсыруға 4 миллионнан астам адам қатысты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 111 мыңнан астам адам тиісті нормативтерден жоғары көрсеткішті орындады. Олардың жартысынан көбі (57 мыңы) ауыл тұрғындары. Ұлттық деңгейдегі нормативті 207 мың адам (112 мыңы ауыл тұрғыны) еңсерді. Бастапқы тесттен 470 мың адам өтті (210 мыңы ауыл тұрғыны).

Тест аясында жүгіру, секіру, кермеге тартылу және басқа да жаттығулар кіреді.

«Президенттік тест - бұл дайындығыңызды тексерудің жақсы мүмкіндігі және оны жақсартуға қосымша ынталандырады. Бұл тұрғыда барынша көп адамды қамтуды мақсат етіп отырмыз», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.


Соңғы жаңалықтар
telegram