Былтыр төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны 2,5 пайызға азайды - В. Божко

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Былтырғы жылы еліміздегі табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны 2,5 пайызға азайды.

Былтыр төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны 2,5 пайызға азайды - В. Божко

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, былтырғы жыл мен ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны аралығында елімізде төтенше жағдайлар ведомствосына қарасты күштердің жылдам ден қоюы арқасында 9056 адам құтқарылып, төтенше жағдайлар аймағынан 9727 адам оқшауландырылған. 5823 адамға медициналық жәрдем көрсетілді.

«Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендер мен қаза тапқандар саны былтыр 2,5 пайызға төмендеді. Төтенше жағдайдан болған материалдық шығын 3,5 есеге, яғни 2011 жылғы 22,5 млрд. теңгеден 2012 жылы 6,3 млрд теңгеге азайды», дейді В. Божко.

Оны айтуынша, қыс мезгілінде құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп республика жолдарында 3937 адамды құтқарған.