Былтыр Үкіметтің ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлген қаражаты өте тиімді жұмыс істеді - Ө. Шөкеев

АСТАНА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Былтыр Үкіметтің «ҚазАгро» және басқа да агронесиелік корпорациялар арқылы ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлген қаражаты өте тиімді жұмыс істеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, былтыр ауылшаруашылығы тауарын өндірішілерді несиелейтін банктер бір сәтте өз неиелерін қайтарып алғандықтан, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер қиын жағдайда қалған. Сондықтан да Үкімет оларға қолдау көрсету үшін дағдарысқа қарсы шаралар аясында 120 млрд. теңге қаржы бөлген. Ол қаржының 40 млрд. теңгесі 11 бағыт бойынша жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалған, ал қалған 80 млрд. теңге егін егу және жиын-терін науқанын несиелеуге бағытталған. «Банктік несиелеудің жоқтығы жағдайында аталмыш қаржының арқасында біз маусымды табысты өткере білдік. Айтпақшы, несие ретінде берілген ақша 100 пайыз қайтарылды, биыл біз қайтарылған ол қаржыны жаңа егін науқанын қажыландыруға пайдаландық», деді бірінші Вице-Премьер.

Соңғы жаңалықтар