Былтыр Ұлытау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция едәуір азайған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 9,2%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Былтыр Ұлытау облысында негізгі капиталға салынған инвестиция едәуір азайған

Жалпы республикалық басты салымдардың жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жасаған.

Инвестицияны қаржыландырудың басым көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді, оның көлемі - 11 161 млрд теңге немесе жалпы көлемнің 73,2%.

2022 жылы негізгі капиталға салынған инвестицияның едәуір үлесі өнеркәсіпке (48,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (19,3%), көлік және қойма (11,3%) салаларына тиесілі.

Өңірлік тұрғыда республиканың 18 өңірінде негізгі капиталға салынған инвестиция өсті.

Бұл ретте ең үлкен өсім Қызылорда және Жетісу облыстарында (әрқайсысында 1,3 есе), Павлодар және Манғыстау облыстарында (әрқайсысында 1,2 есе).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің төмендеуі Атырау (0,4%) және Ұлытау (7,9%) облыстарында байқалды.