Былтыр жер қойнауын зерттеуге 7 млрд теңге инвестиция тартылған - ҚР ИДМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы инвесторлардың есебінен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберіндегі инвестициялар шамамен 7 млрд теңге болды. Бүгін Астанада өткен алқа отырысында инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚР ИДМ-нің баспасөз қызметі.

Былтыр жер қойнауын зерттеуге 7 млрд теңге инвестиция тартылған - ҚР ИДМ

«2015 жылы өткізілген аукционның қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы 38 жаңа келісімшарт жасалады, 200-1000 жұмыс орны ашылады жоспарлануда», делінген хабарламада.

Министрдің айтуынша, жалпы бастапқы құны 190 млн теңгені құрайтын 49 объектінің 38 кен орны бойынша сауда жүргізілген. Солардың қатарында алтынды, өзге түсті және сирек металдарды, сондай-ақ құлпырма тастарды өндіру жөніндегі объектілер бар. Аукционға қатысуға барлығы 92 компаниядан 106 өтінім келіп түскен. Шығарылған лоттардың 18 - пайдалы қазбаларды өндіруге, 31 - барлауға арналған. Жалпы түскен қаражат 1,4 млрд теңге.

Бұдан басқа, өткен жылдың қараша айында «бірінші болып келдің - бірінші болып алдың» принципі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру басталды. Тиісті рәсімді жүргізу үшін бастапқы жоба ретінде Степногор қаласының аймағы белгіленді.

Министр сонымен қатар ағымдағы жылы Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасының стандарттарына сәйкестігін растайтынын атап өтті. Бұл бастама іске асыру өндіруші сектордағы компаниялар мен үкімет табыстарының ашықтығына бағытталған.