Былтыр жұмыспен қамтылғандардың 8 пайызы қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеді

АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Халықаралық еңбек ұйымының лайықты еңбекті статистикалық өлшеу бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі лайықты еңбек көрсеткіштерін жыл сайынғы негізде қалыптастырады.
None
None

Лайықты еңбек бағдарламасы жұмыспен қамтылу мүмкіндігі, жұмыс орнындағы қауіпсіздік, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік диалог, ерлер мен әйелдер үшін жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерінің теңдігі сияқты негізгі бағыттармен сипатталады.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылы Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9%. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі (4,4 млн. адам) - ерлер, 48,6% (4,1 млн. адам) - әйелдер. 2012 жылы жалдамалы қызметкерлер саны 5,8 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 68,3% құрады. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 2,7 млн. адамды немесе 31,7% құрады.

Былтыр респонденттерден алынған сауалнама бойынша жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан өз жұмысының (кәсібінің) тұрақтылығына 62,9% сенімді (2011 жылы - 57,2%). Барлық жалдамалы қызметкерлер санынан 90% жуығы заң жүзінде бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді пайдалана алатындарын белгіледі.

Жалдамалы жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан респонденттердің 49,2% кәсіподақ мүшесі болып табылатындарын белгіледі, ал 74% артығы ұжымдық еңбек шарттарымен қамтылған.

19,4% аптасына 40 сағаттан астам уақыт жұмыс істейтіндерін көрсеткен (2011 жылы - 12,3%), олардың 59,7% - жұмыс беруші қойған талаптар себебінен, 33,1% - көп табыс табу себебінен.

2012 жылы жұмыспен қамтылған халықтың ішінен 8% жуық респонденттер қолайсыз немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндіктерін белгілеген (2011 жылы - 10,3%), олардың 11% - қауіпті механизмдермен жұмыс істейді, 11,4% - жүйке жүйесіне ауыртпалықты сезінеді, 12,3% - қолайсыз температуралық режимде жұмыс істейді, 17,8% - далада еңбек етеді, 30,9% - ауыр жұмыста жұмыс істейтіндерін көрсетті.

2012 жылы жұмыс істейтін әйелдердің жалпы санының 30%-ға жуығы (2011 жылы - 25%) отбасылық міндеттер мен еңбек қызметін қоса атқару күрделі екенін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар