18:13, 15 Қазан 2012 | GMT +5
Былтырға қарағанда тұрғын үйді сатып алу-сату келісімдері 9,3 пайызға өсті-ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 15 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар - қыркүйектегі тұрғын үйді сатып алу-сату келісімдер саны 124 613-ті құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«2012 жылғы қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген келісімшарттарының саны 15 026-ны құрады және өткен аймен салыстырғанда 1,3 пайызға азайды», - деді агенттік төрағасы. Ә. Смайыловтың сөзінше, 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,3 пайызға өсті.