Былтырғы «Қазақстан Барысының» қола жүлдегері Ғани Сейділдаев биыл іріктеуден өте алмай қалды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің Астана қалалық іріктеу жарысы өткізілді.
None
None

«Қазақстан барысы 2016» республикалық турниріне Астанадан 38 балуан қатысып, финалға шыққан екі балуан Айбат Сейтен мен Айтуар Абдулов ақтық сынға жолдама алды.

Іріктеу кезеңіне өткен жылдардағы турнирдің бірнеше финалистері қатысты. Олардың ішінде «Қазақстан барысы 2015» турнирінің қола белбеу иегері Ғани Сейділдаев та бақ сынады. Өкінішке қарай, Сейділдаев биыл іріктеу кезеңінде үшінші орын иеленгені үшін финалдық сынға қатысу мүмкіндігінен айырылды. 

Турнирді «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, Астана қаласы қазақ күресі федерациясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті, Астана қаласы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен өтті. 

Іріктеу жарысының қорытындысы:
55 келі салмақ дәрежесі:
1- орын - Теміржанов Нұржан
2-орын - Нұржаулов Наурызбай
3-орын - Мұқажанов Ермек
3-орын - Өрдек Әділет
60 келі салмақ дәрежесі:
1- орын - Шегенов Талғат
2-орын - Зарубай Абылай
3-орын - Елубай Нұрбол
3-орын - Әшім Сағындық
66 келі салмақ дәрежесі:
1- орын - Сабитов Бақдаулет
2-орын - Естеков Ескендір
3-орын - Закарьянов Азамат
3-орын - Манарбеков Алағат
74 келі салмақ дәрежесі:
1- орын - Ернахаров Аян
2-орын - Шайзында Асыл
3-орын - Ташмағамбетов Берік
3-орын - Ибраев Жанай
82 келі салмақ дәрежесі:
1- орын - Тұрсынбеков Ерасыл
2-орын - Жанат Жәнібек
3-орын - Темірханов Данияр
3-орын - Алтынбаев Бекзат
90 келі салмақ дәрежесі:
1- орын - Шілдебаев Наурызбай
2-орын - Зекенов Әлібек
3-орын - Пак Сергей
3-орын - Садықов Айбек
100 келі салмақ дәрежесі:
1- орын - Мәмбетқұлов Асан
2-орын - Сейділдаев Ғани
3-орын - Кинтонов Мұрат
3-орын - Махтин Қайрат
+100 келі салмақ дәрежесі:
1- орын - Сейтен Айбат
2-орын - Абдулов Айтуар
3-орын - Шынкеев Олжас
3-орын - Бижанов Дархан
Абсолюттік салмақ дәрежесі:
1- орын - Сейтен Айбат
2-орын - Абдулов Айтуар
3-орын - Сейділдаев Ғани

null null null null  

Күнсұлтан Отарбай

Суреттер kazakhstanbarysy.kz сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар