Былтырғы он айда Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1%-ға өсті - Серік Жұманғарин

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1 пайызға артып, 110,6 млрд долларға жетті. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Былтырғы он айда Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 34,1%-ға өсті - Серік Жұманғарин

«2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,1%-ға ұлғайып, 110,6 млрд доллар болды. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі тауар айналымы – 23 млрд доллар. Бұл – 2021 жылдың ұқсас кезеңінен 7,5 пайызға артық. Сонымен қатар, кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлмеу мүмкіндігі мақұлданды. Осы арқылы үнемдеу болжамы – 100 млн доллардан астам. Бір жыл ішінде серіктес елдер қойған 6 кедергі жойылды, экспорттық өсім болжамы – 500 млн доллар. Биыл 8 кедергіні алу жоспарланып отыр, олардың өсім болжамы – 800 млн доллар», - деді министр Серік Жұманғарин.