Былтырғы желтоқсанда «тұтынушылардың сезіну индексі» (+20) пайызды құрады - Статистика агенттігі
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде 2011 жылғы желтоқсанда «тұтынушылардың сезіну индексі» (+20) пайызды құрады.
Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
«2011 жылғы желтоқсанда респонденттердің 34 пайызы соңғы 12 ай ішінде еліміздегі экономикалық жағдайдың жақсарғанын атап өтті, сонымен бір мезетте респонденттердің 14 пайызы жағдайдың нашарлағанын хабарлады», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұдан бөлек, «Экономикалық ахуал индексі» 1 пайыздық тармаққа кеміп, (+19) пайызды құрады. Респонденттердің үштен біріне жуығы (32 пайыз) алдағы 12 айда елдегі жалпы экономикалық жағдайдың одан әрі жақсаратынын күтеді, ал 14 пайызы жағдайдың нашарлауы мүмкін деп есептейді. «Сатып алу тілегінің индексі» өткен аймен салыстырғанда өзгермеді, және (+20) пайызды құрады. Респонденттердің үштен бірінен астамы (34 пайызы) 2011 жылғы желтоқсанда жеке үй шаруашылығындағы қаржы жағдайының жақсарғанын және тиісінше, өткен аймен салыстырғанда ұзақ пайдаланатын тауарларға сұраныстың төмендегені туралы хабарлады. Сонымен бірге, респонденттердің 14 пайызы өз үй шаруашылығындағы қаржы-экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті.
Сонымен қатар, респонденттердің 9 пайызы сауалнама барысында еліміздегі жұмыссыздық деңгейіне қатысты ахуал алдымыздағы 12 айдың ішінде жақсарады десе, сол кездегі сұралғандардың 2 пайызы оған қарама-қарсы пікірді ұстанады. Алдымыздағы 12 айдың ішінде үй шаруашылығындағы ақшалай қорланым сомасының өсу мүмкіндігін сұралған тұтынушылардың 15 пайызы атап өтсе, ал 13 пайызы оның кемитінін айтқан.