Былтырғы жылы 270 млрд. теңге бюджет қаражатының депозиттерде жатқаны анықталды - Есеп комитеті

АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Былтырғы жылы 270 млрд. теңге бюджет қаражатының депозиттерде жатқаны анықталды. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде 2009 жылға республикалық бюджеттің атқарылуын талқылау барысында Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілері бос қалдықтарды бизнесті одан әрі дамыту үшін пайдаланбай, депозиттерге орналастыру арқылы жеңіл жолмен пайда табу тәсілдерін іздестіруде. Бұл орайда біз есепті кезеңде (2009 жылы) депозитте 270 млрд. теңгенің жатқанын атап өтпекпіз. Осылайша депозитке бюджет қаражатын салу - салалардың одан әрі дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, қосымша құны бар өнімдерді өндіруге еш мүмкіндік бермейді. Бұдан бөлек, «ҚазАгро» холдингі өзінің екі еншілес ұйымынан агроөнеркәсіптік кешеннің 13 субъектісіне бір мезгілде 4,3 млрд.теңгеге кредиттер берген. Бұл несиенің барлығы ауылшаруашылық дақылдарын өсіретін бір ғана алаңда көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізу үшін беріліпті. Бұны ұтымсыздық көрінісі деп атап өткіміз келеді», деді О. Өксікбаев өз баяндамасында.

Сонымен бірге, Комитет төрағасы даму институттарының әкімшілік шығындарды ұлғайту практикасының жалғасып отырғанына да тоқталып өтті. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш шығындар депозиттен түскен дивиденттердің есебінен жабылып отырған.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы 2008 жылдың қорытындысы бойынша 143,7 млн. теңге зиян шеккеніне қарамастан, бұған 2009 жылы 43,5 млн. теңге мөлшерінде сыйақы төленген. Бір жағынан, даму институттарының кірісі айналым қаражатын толықтыруға бағытталғанына біз қарсы емеспіз. Екінші жағынан, Үкімет квазимемлекеттік сектор субъектілерінің иелігінде қалатын кірістің мөлшерін реттейтін кірістер бойынша нормативтерді белгілеп, кірістің қалған бөлігін бюджетке қайтаруға мүмкіндік беретін нормативтік құқықтық базаны қарастыруы тиіс деп есептейміз», деді О. Өксікбаев.

Соңғы жаңалықтар