Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы маңызындағы 1 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды - Ө.Өзбеков

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ - Былтырғы жылы ауыл шаурашылығы маңызындағы 1,1 млн. гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы маңызындағы 1 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды - Ө.Өзбеков

Бұл туралы бүгін Астанада өткен онлайн желідегі конференция барысында ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік төрағасы Өмірзақ Өзбеков мәлім етті.

«Оның ішінде 95 мың гектар аумақтағы 254 участок соттың араласуымен қайтарылып алынды», - деп атап өтті ол.

Ө.Өзбековтың айтуынша, бүгінгі таңда агенттік жерді пайдалану мен қорғаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындады.