Былтырғы жылы туризм саласында елімізге келушілерге қарағанда, сыртқа шығушылар көп болды

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша елімізден сыртқа шығу туризмі 24,5 пайызға артты. 

Былтырғы жылы туризм саласында елімізге келушілерге қарағанда, сыртқа шығушылар көп болды

Бұл туралы Индустрия және сауда министрлігінің былтырғы жыл қорытындысы бойынша ұсынылған ақпараттық топтамасында көрсетілген.

 Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылдың 9 айында елге келушілер туризмі 14,2 пайызға артып, 3,8 млн.-нан астам адамды құраған. 2010 жылғы бұл көрсеткіш қаңтар-қыркүйек айларында 3,3 млн. адамды құраған болатын. Сонымен қатар, былтырғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ішкі туризм 12,8 пайызға артып, 3,8 млн. адамды құрады. Ал есепті кезеңде елден сыртқа шығу туризмі 24,5 пайызға артып, 5,9 млн. адамды құрады. 2010 жылдың аталған кезеңінде бұл көрсеткіш 4,7 млн. адам деңгейінде болатын.