Бюджет қаржысы есебінен Қазақстанның мемлекеттік қорына 166,7 мың тонна астық сатып алынады - ҚР АШМ

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы бюджет қаржысы есебінен Қазақстанның мемлекеттік қорына 166,7 мың тонна астық сатып алынады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін шаруашылығы департаментінің директоры Анна Буць мәлім етті.
None
None

«Қазіргі таңда Үкіметте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ сатып алатын азықтық бидай бағасы ҚҚС төлеушілер үшін тоннасы 28 мың, ал ҚҚС төлемейтіндер үшін 25 мың теңге деңгейінде белгіленді. Сондықтан бюджет қаржысы есебінен аталған бағамен 166,7 мың тонна бидай сатып алынатын болады», - деді А.Буць.

Оның атап өтуінше, 2013 жылдың өнімінен мемлекеттік қорға астық сатып алу мемлекеттік қорды жартылай жаңарту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, астық қорын жедел реттеу мақсаттарында жүзеге асырылады.

«Қазіргі уақытта Үкіметтің мемлекеттік қорға жеткізілетін астықты сатып алу бағасын белгілеу бойынша қаулысының жобасы мүдделі ұйымдардан келісу процедурасынан өтуде», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар