Бюджет кірісін арттыруда «халықтық бақылау» жұмыс істеуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы министрлігі бюджет кірістерін арттыру үшін «халықтық  бақылауды» қолдануда. Бұл туралы Сенатта «Теңдестірілген және ашық бюджет - елдің табысты және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі» атты парламенттік тыңдауда ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыру бойынша шаралар жоспарын әзірледі. «Екінші жағынан мемлекеттік әкімшілік бақылауды төмендету мақсатында Қаржы министрлігі «халықтық бақылауды» белсенді қолдануда. Бақылаудың осы түрінің тетіктері «рейдтік» тексерістерді тұтынушылардың өзіне беруге жол ашады. Енді өнімді сатып алушы сатармандардың арасында орынды іріктеуді өздері жүргізеді»,-деді Сұлтанов.

Оның айтуынша бақылау шараларын реформалаудың жалғасы ретінде е-аудит болмақ. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері негізінде Қаржы министрлігі мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы пайдалануды жоспарлап отыр. Оның көмегімен тексеруші мен салық төлеуші арасындағы тікелей байланыс төмендетіліп, тексерістер мерзімі қысқарады. Осы орайда ірі салық төлеушілер үшін бұл жүйені 2019 жылдың 1 қаңтарында енгізу қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар
telegram