Бюджет кодексі мен Ұлттық қор қаражатын пайдалану тұжырымдамасының жаңа редакциясы әзірленетін болады - ҰЭМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың сәуіріне дейін Бюджет кодексі мен Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасының жаңа редакциясы әзірленетін болады.
None
None

Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Дағдарысқа қарсы шараларға арналған Үкімет сағатында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлімдеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, бюджет саясатын оңтайландыру мақсатында мемлекеттік шығыстарды қатаң үнемдеу, олардың тиімділігін арттыру және Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану мәселелеріне баса назар аударылады. «Осыған байланысты 2016 жылдың сәуіріне дейін Бюджет кодексі мен Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тұжырымдамасының жаңа редакциясы әзірленетін болады. Ал келесі жылдың наурыз айына дейін Бюджет кодексіне қолма қол ақша тапшылығын жабу үшін жергілікті атқарушы органдардың үш жылға дейінгі мерзімге Үкіметтен қарыз алуын көздейтін толықтырулар енгізіледі. 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру барысында 2016 жылдың сәуір-тамызында тиімсіз шығыстарды және жеке сектор қаржыландыруы мүмкін шығыстарды алып тастау арқылы бюджет шығыстарын оңтайландыру қарастырылады. Жалпы сипаттағы трансферттер туралы заң жобасын әзірлеу кезінде республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трасферттер есебінен барлық жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру 2017 жылдан бастап толықтай жергілікті деңгейге берілетін болады», дейді Е. Досаев.

Министрдің айтуынша, салық саласының ашықтығы мен салықтық әкімшілендіруді тиімді ете түсу мақсатында Салық және Кеден кодекстерінің жобасы 2016 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Парламентке енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар