Бюджеті 19 млн доллар болған Қытайдың атақты телехикаясын «Қазақстаннан» көруге болады (ФОТО)
«Қазақстан» телеарнасы өте күрделі, әрі әдемі және сазды тілде, ежелгі қытай - мандарин диалектісінде түсірілген 50 сериялық телехикаяның күрделі синхрондық дубляжын іске асырды. Хикая 2010 жылы Азияда телехикаялардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. Хикаяның бюджеті 19 млн. $.», делінген хабарламада. Хикаяда 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер бар. Дәл осы хикаяда Қытай халқының әйгілі шай ішу салты көрсетіледі. Сериал 18 ғасырда жазылған шығарма желісімен түсірілген. Әдемі декорациялар, қымбат және әсем киім үлгілері, сол кездегі қалпына келтірілген тұрмыстық жағдай Цин династиясының дәуіріне бойлай енуге мүмкіндік береді. Телехикаяны 3 тамыздан бастап, сағат 19.35-те дүйсенбі-жұма күндері аралығында «Қазақстан» телеарнасынан көруге болады.