Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері игерілмеген қаражатты келесі жылы пайдаланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бір бюджеттік бағдарлама аясында қаражатты дербес қайта бөлу құқығын беру ұсынылады. Бұл туралы Сенатта бюджет мәселесін талқылау кезінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Блоктық» бюджет бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (ББӘ) бюджет қаражатын басқаруда айтарлықтай еркіндігін көздейді. ББӘ-ге Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда, бір бюджеттік бағдарлама аясында қаражатты дербес қайта бөлу құқығын беру ұсынылады. Бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 20% - ынан аспайтын деңгейінде бюджетті түзету мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, оның ішінде Ұлттық қор қаражаты бойынша ескеру керек», - деді А. Әмрин.

Бұдан басқа вице-министр бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне ұлттық жобалар бойынша пайдаланылмаған қаражатты келесі жылы толық пайдалану құқығын беру ұсынылып отырғанын атап өтті. Бұл шаралар жоспарланған нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін ББӘ-нің бюджет қаражатын басқарудағы жеделдігі мен икемділігін, сондай-ақ қаржылық тәртіпті жетілдіруге мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар