Бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 2011 жылдың шілдесінен бастап 30 пайызға көтеріледі - Г. Әбдіхалықова

АСТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 2011 жылдың шілдесінен бастап 30 пайызға көтеріледі.

Бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 2011 жылдың шілдесінен бастап 30 пайызға көтеріледі - Г. Әбдіхалықова

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бойынша баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.

«Бюджеттік мекеме қызметкерлеріне, яғни мұғалімдердің, дәрігерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға көтеру келесі жылдың 1 шілдесінен қарастырылып отыр. Өткен жолы Парламент 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Осы заңда аталған шараларға бағытталған барлық шығыстар қарастырылды», - деді Гүлшара Әбдіхалықова.