Бюджеттік ұйымдар ОҚО-ның зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде 10 млн. теңге бөлді. ВИДЕО

ШЫМКЕНТ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы қор құрылды. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері жалпы сомасы 10 млн. теңгені құраған біркүндік жалақыларын аударып үлгерді.

Бюджеттік ұйымдар ОҚО-ның зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде 10 млн. теңге бөлді. ВИДЕО

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға көмек көрсету мақсатында Сарыағаш ауданында «Ауылым - алтын бесігім» атты бірлескен қор құрылды. Қардың еруі мен жаңбыр салдарынан болған су тасқыны нәижесінде Сарыағаш ауданындағы 3 елді мекен тұрғындарының үй-жайлары зардап шекті.