Бюджеттің IV деңгейіндегі мемлекеттік сатып алу рәсімдері жеңілдетілмек
«Заң жобасында бюджеттің IV деңгейі үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету жөніндегі нормалар ескерілген. Осы орайда, Қаржы министрлігіндегі әріптестеріміз бұл мәселені заңға тәуелді актілер деңгейінде реттеуді және ауыл бюджеті үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың жекелеген қағидаларын әзірлеуді ұсынды», - Б. Омарбеков.
Сонымен, мемлекеттік сатып алудың келесі түрлері ұсынылып отыр:
- бір көзден 2 000 АЕК-ке дейін сатып алу;
- конкурс негізінде – 2 000 АЕК-тен жоғары;
- баға ұсыныстарын сұрату арқылы 8 000 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік сатып алулар.
«Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды өткізудің өзге де тәсілдерін әкім аппаратының қарауына сақтау ұсынылды», - деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте таныстырылған заң жобасы аясында Қазақстанда ауылдық округ кеңестерін құру жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, ауыл әкімі мен оның аппаратына қосымша функциялар берілмек.