Бюджеттің мұнайға тәуелділігі төмендеп келеді
«Мұнайға қатысты емес түсімдердің үлесі 2022 жылғы 59,8 пайыздан 2025 жылға қарай 78,2 пайызға дейін өсіммен көзделген. Абсолюттік мәнде 2023 жылы мұнай түсімдері осы жылдың нақтыланған жоспарына 3,4 трлн теңгеге немесе 35,9 пайызға ұлғаюмен 12,8 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр. Мұнайға қатысты емес сектордан түсетін кірістер көлемінің ұлғаюы бюджеттің мұнайға тәуелділігінің біртіндеп төмендегенін көрсетеді», - деді ол.
Жалпы, оның дерегінше, трансферттерді есепке алмағанда 2023 жылғы кірістер 13,9 трлн теңге немесе түсімдердің жалпы сомасының 78,1 пайызы көлемінде жоспарланып отыр.
«Ең көп үлесті салық түсімдері - корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы және халықаралық саудаға салынатын салықтар алып отыр», - деді Татьяна Савельева.