Бюджеттің орындалу нәтижесіне екпін қою керек - Есеп комитеті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бюджеттің орындалуын бағалауда оның игерілуі жөніндегі категорияларынан бас тарту керек. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бюджеттің орындалу нәтижесіне екпін қою керек - Есеп комитеті

«Бюджеттің шығыс бөлігінің тиімділігін арттыру қатысты тоқталсақ, бұл тұрғыда шығыстарды әкімшелендіру бағытын жақсарту қажеттігі айқын көрініп тұр. Өкінішке қарай, 2018 жылдың есебі бойынша әкімшілердің баяндамаларын тыңдау кезінде бюджеттің орындалуын бағалау оны игеру арқылы және кредиторлық әрі дебиторлық қарыздың төмендетілуі бойынша іске асатынын естіп жүрміз. Дегенмен де бұл да маңызды», - деп тоқталды Н. Годунова.

Оның сөзіне қарағанда, бұл мәселеде бюджеттік шығыстардың тиімділігі басты мақсат ретінде қарастырылуы тиіс.

«Бюджеттің орындалуын бағалауда оның игерілуі жөніндегі категорияларынан бас тарту керек, яғни оны нәтижеге қол жеткізумен алмастырған жөн. Осы орайда Ұлттық экономика министрлігі бұл мәселеде үлестіруші рөлін алуы керек және әкімшілермен бірлесе мемлекеттік шығыстардан нақты нәтижені бағалауға мүмкіндік беретін құжатты әзірлеуді қамтамасыз етуі қажет», - деді Наталья Годунова.