Бюллетеньдерде сайлауға түсетін азаматтардың аты-жөндерінің қазақ және орыс тілінде дұрыс жазылуын аймақтық сайлау комиссиялары қадағалайтын болды

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Келесі жылы елімізде өтетін сайлаулар барысында бюллетеньдерде көрсетілетін сайлауға түсетін азаматтардың аты-жөндері мен тегінің қазақ және орыс тілінде дұрыс жазылуын толықтай аймақтық сайлау комиссиялары қадағалайтын болады»,-
None
None

дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов. Бұл туралы ол бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарының сайлауына әзірлік және оны өткізу мәселелеріне арналған семинар-кеңес барысында айтты.

Төрағаның сөзіне қарағанда, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында пайдаланылатын бюллетеньдерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындайды. Біз бұл кәсіпорынның қызметін осы уақытқа дейін пайдаланып келеміз. «Ал мәслихат депутаттарының сайлауында пайдаланылатын бюлллетеньдерге келетін болсақ, бұл ретте осы бюллетеньдердегі мәтінге жедел әрі уақытында өзгерістер енгізіп, қателіктер жіберілген жағдайда оларды бірден түзетіп отыруға қажетті мүмкіндіктерді жасау мақсатында және бюллетеньдерді уақытында дайындау мен оларды аймақтарға жылдам жеткізу үшін еліміздің аймақтарынан 4 баспа белгіленді»,-деді ОСК төрағасы.

Соңғы жаңалықтар