Бюллетендерді дауыс берушілердің үйлеріне апарып тарату мүмкін емес — Нұрлан Әбдіров

АСТАНА. KAZINFORM — Бюллетендерді дауыс берушілердің үйлеріне апарып тарату мүмкін емес. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты. 

Нұрлан Әбдіров
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

— Бюллетендерді дауыс берушілердің үйлеріне апарып таратып жатыр, деген әңгіме шықты. Дипфейкке қарсы орталықтың жедел қолданған шараларының арқасында бұған тиісті баға берілді. Сонымен қатар айтарым, ондай мүмкін емес. Себебі, типографиядан шыққан әрбір бюллетень санаулы. Олар Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің күзетуімен өңірдегі комиссияларға жеткізіледі. Содан кейін 3 немесе 1 күн қалғанда учаскелерге тікелей апарылып, сол жердің күзетіне тапсырылады, — деді Нұрлан Әбдіров.

Айта кетейік, референдум күні қоғамдық пікірге сауал салу дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте өткізілмейді.