Бюрода Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібі қаралды

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысы болды.

Бюрода Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібі қаралды
Бюрода Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Қазақстанның Түркия Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы келісімді және Қытай Халық Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы шартты, сондай-ақ Қазақстан мен Чехия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобалары берілді. Бюро мүшелері, одан басқа, биылғы 7 қарашада болатын Палата отырысының күн тәртібін талқылады. Отырыста халықаралық құжаттарды ратификациялау туралы бірқатар заң жобаларын қарау жоспарланып отыр. Олар - Түркия Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы келісім, Қытай Халық Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы шарт және Қазақстан мен Чехия арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт. Сондай-ақ, сенаторлар еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады.