Қазақстан мен Ұлыбритания экономикасында әлі ынтымақтастыққа негіз болатын зор әлеует бар

Дэвид Кэмерон
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбритания СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Ұлыбритания тау-кен компаниялары Қазақстанда жұмыс істеуге әзір екенін айтты.

«Ұлыбритания – Қазақстандағы алғашқы инвесторлардың бірі. Бізде мұнай-газ саласында үлкен ынтымақтастық бар. Біз Қазақстан экономикасының жетекші инвесторларының біріміз. Бүгін біз сыни шикізат туралы келісімге қол қойдық, сондай-ақ Ұлыбританияның тау-кен компанияларын Қазақстанда осы салада жұмыс істеуге шақырамыз. Бұл ретте, бизнестің барлық салаларында қолайлы жағдайлар қалыптастыру үшін барлық бюрократиялық кедергілердің жойылатынына көз жеткізуіміз керек», - деді Дэвид Кэмерон.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу өз кезегінде қазіргі таңда 600-ге жуық британ бизнесі капиталының қатысуымен құрылған кәсіпорындар еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жатқанын жеткізді.

«Олардың қатарында «Shell», «RioTinto», «Ernst and Young», «AstraZeneca» және т.б. танымал компаниялар бар. Алайда, экономика саласындағы біздің әлеуетіміз әлі де толық пайдаланылмай келеді деген пікір де бар. Сондықтан, өзара ықпалдастықтың қарқынын арттыра түскен жөн», - деді М. Нұртілеу.

Соңғы жаңалықтар