Бізде бәрі жақсы: Рахат Тұрлыханов пен оның әйелі видеожазба жариялады

рахат тұрлыханов
Фото: instagram.com/rakhat_turlykhanov/

Рахат Тұрлыханов кеше әйелін ұрғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған болатын. Ал бүгін ерлі-зайыптылар видеожазба жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

Бейнежазбада Рахат Тұрлыханов әйелі екеуіне қатысты жаңалыққа түсінік беруді жөн көргендерін жеткізді.

Ал, әйелі Алтынай өз кезегінде алаңдайтын ештеңе жоқ екенін атап өтті.

«Бізде бәрі жақсы. Рахат, қамқор, мейірімді жар әрі әке. Иә, отбасында ұрыс-керіс, түсініспеушілік болды. Бірақ мен бұқаралық ақпарат құралдарында жағдайды білмей жатып, Рахатты әділетсіз түрде жаман жағынан көрсетіп жатқанына қынжылам», - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rakhat Turlykhanov⚡️ (@rakhat_turlykhanov)

Бұған дейін Рахат Тұрлыхановтың әйеліне қол жұмсағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар
telegram