Рахат Тұрлыханов әйеліне қол жұмсағаны үшін жауапқа тартылды

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұрып-соғу фактісі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік істі қарады, деп хабарлайды Kazinform

Избиение девушки попало на видео в Алматы: мужчину наказали
Фото: pixabay.com.


Сотпен анықталғанындай, өткен жылдың желтоқсан айында Рахат Тұрлыханов үйінде жанжал шығарып, әйелін соққыға жыққан. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінітінін жетікізді. Сондай-ақ, татуласқандарын айтып, соттан істі тоқтатуды сұрады.

Әйелі іс материалдарында көрсетілген фактілерді растап, күйеуімен татуласқанын айтты.

«Сот қаулысымен Т., ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ол ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деп хабарлады қалалық соттан.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар