Бізде бір мобильді байланысқа тәуелділік жоқ — Жаслан Мәдиев

АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде бір мобильді байланыс операторына тәуелділік жоқ. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев айтты.

Бізде бір мобильді байланысқа тәуелділік жоқ — Жаслан Мәдиев
Фото: Kazinform/ЖИ

— Тұтынушы ретінде кез келген ұялы байланыс операторын таңдау мүмкіндігім бар. Егер белгілі бір оператордың баға саясаты көңілімнен шықпаса, басқа операторға еш кедергісіз ауыса аламын. Өйткені бізде мобильді байланыс бойынша «құлдық» жоқ, — деді ол тілшілер сауалына орай.

Сонымен қатар ол қазір пайдаланып жүрген Байланыс операторының сапасы мен тарифі көңілінен шығатынын айтты.

— Реттеуші орган ретінде біз заңнамаға ұялы байланыс операторлары тарифтердің өзгеруі туралы абоненттерді 60 күн бұрын хабардар етуге міндетті деген норманы енгіздік. Бұл азаматтарға оператордың абоненті болып қала беру-қалмау жөнінде дер кезінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Демек, тұтынушылар осы уақыт ішінде байланыс сапасы мен баға саясатын өздері саралап, қажет болған жағдайда басқа ұялы байланыс операторына ауыса алады, — деді Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, еліміз интернеті жылдам 55 елдің арасында мобильді интернет тарифінің қолжетімділігі жағынан