Біздерде мынадай бар: Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды

Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды
Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық музейде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Өзбекстанның бейнелеу және қолданбалы өнер көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрме Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдары екі ел арасында қалыптасқан мәдени-ақпараттық диалогты жалғастыру мақсатында өтіп жатыр.

Сейітова
Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

 

«Бүгінгі көрме тарихы ортақ қазақ және өзбек ұлтының достығын тағы бір мәрте паш етіп, рухани байланысты арттыра түспек. Бұл көрмеде өзбек суретшілерінің соңғы онжылдықтағы тартымды туындылары қойылған. Жалпы, өзбек қылқалам шеберлерінің өзіндік ерекшеліктері мол екенін атап өткен жөн»,- деді МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова.

Сала мамандары соңғы жылдары Өзбекстанның өнері жаңа биіктерге көтерілгенін алға тартып отыр.

Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды
Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

«Біз Қазақстандағы өнер сүйер қауымды қызықтыратын өзбек суретшілерінің жұмыстарын әкелдік. Қазақстанмен үнемі ортақ жобалар жүргізіп отырамыз. Жалпы, Өзбекстан мен Қазақстан өнері ұқсас, өйткені біздің түпкі тамырымыз ортақ»,- деді Өзбекстан Өнер Академиясының төрағасы Акмаль Нуридинов.

Көрмеге Акмаль Нуридинов, Алишер Хамдамов, Татьяна Фадеева, Файзулла Ахмадалиев, Шахноза Абдуллаева, Бахтиёр Махкамов, Хуршид Зияханов және Өзбекстан Өнер академиясының мүшелері мен Өзбекстанның әртүрлі аймақтарының талантты жас суретшілері мен қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары қойылған.

выставка, нацмузей
Фото: Виктор Феднюнин/ Kazinform

Атап айтсақ, заманауи кескіндеме туындылары Шығыстың ежелгі аңыздарынан, поэзиясы мен тарихынан рухтанған романтикалық бейнелерден бастап, Өзбекстанның сұлу табиғаты мен ұлттық тұрмысына тән сипаттарын ашып көрсететін нақты сюжеттерге дейінгі суретшілердің стилистикалық ерекшеліктерінің әртүрлілігін, қызығушылықтары мен шығармашылық көзқарастарының кең ауқымын көрсетеді.

Астанада өзбек өнерінің көрмесі ашылды
Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

Ал көрменің қолданбалы өнер бөлімінде заманауи өзбек шеберлерінің бұйымдары ұсынылған. Өзбекстанның халық өнері көпғасырлық дәстүрлерге негізделген шығармашылықтың сан алуан түрлеріне бай. Ол халық өмірі мен тұрмыс-тірішлігінің барлық жағын қамтиды. Халық шығармашылығының бұқаралық сипаты, эстетикалық жоғары армандары мен жасампаз негіздері Өзбекстан мәдениетіне деген әлемдік қауымдастықтың жоғары қызығушылығын айқындап берді.

Көрме
Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

Экспозицияға барлығы 80-ге жуық картина және 100-ден астам сәндік-қолданбалы өнер туындылары қойылған. Көрме 8 тамызға дейін жұмысын жалғастырады.

Көрме
Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform
Көрме
Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform
Көрме
Фото: Виктор Феднюнин / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар
telegram referendum