Тоқаев түркі елдерінде әлемнің үздік университеттерінің филиалын ашуды ұсынды

Қазақстан экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушысы мәртебесін беру бастамасын қолдайды. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Касым-Жомарт Токаев: Казахстан считает санкционное противостояние абсолютно контрпродуктивным
Фото: akorda.kz

«Үшінші басымдық – реформалар (Reforms). Ұйым қызметін оңтайландыру шараларын жалғастыру керек. Осыған орай Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы тұрақты өкілдерімізді тағайындау мәселесін тезірек шешуге шақырамын. Сондай-ақ хатшылық қызметкерлерінің санын көбейту туралы ұсынысты қолдаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Президент Түркі мемлекеттерінің сайлау саласындағы ынтымақтастығын нығайту қажеттігін баса айтты.

«Орталық сайлау органдарының консультативтік кеңесін құруға болады. Соңғы кезде біздің ұйымға халықаралық және аймақтық құрылымдардың қызығушылығы арта түсті. Біз Экономикалық ынтымақтастық ұйымына байқаушы мәртебесін беру туралы бастаманы қолдаймыз. Сонымен қатар Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымымен ынтымақтастық орнатуды ұсынамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол сондай-ақ түркі елдерінде әлемдегі үздік университеттердің филиалын ашуды ұсынды

«Төртінші, ғылыми әріптестік (Knowledge) арқылы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайту аса маңызды. Осы орайда елдерімізде әлемдегі үздік университеттердің филиалын ашуды ұсынамын. Бірлескен ғылыми шаралар өткізіп, тәжірибе алмасу керек. Тіл үйрететін бөлімдерді ашуға қатысты жұмысты реттеу қажет. Жасанды интеллектіні, цифрлық және аэроғарыш өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударған жөн», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар