БЖЗҚ ақшасын тонағандар шығынды өтеп жатыр ма

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма басшылығы БЖЗҚ қаржысын тонағандардың борышын қалай өтеп жатқаны айтты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БЖЗҚ ақшасын тонағандар шығынды өтеп жатыр ма

«Барлық фигуранттар бойынша сот барлық сотталушыларға шығынды өтеуге 3 ай мерзім берді. Сот шешімі 2018 жылдың 22 маусымында заңды күшіне енді. Сондықтан, 2018 жылдың 22 қыркүйегіне дейін олар шығынды өтеуге міндетті. Қазіргі таңда Кенжебаев қана шығынды өтеуге ниет білдірді», - деді БЖЗҚ заң департаментінің директоры Назым Бақтыбаев.

Ол Кенжебаевтың барлық шоттары арестте тұрғандықтан, сот қаулысы 4 тамызда шыққанын айтты.

«6 тамыздағы жағдай бойынша Азия Кредит банкі бойынша ғана қаулы орындауға жіберілді. Қазір банк қаулыны қарастырып жатыр. Тамыздың соңына дейін осындай қаулылар Кенжебаевтың ақшасы сақталған басқа да банктерге де түсетін болады», - деді Н.Бақтыбаев.

БЖЗҚ өкілдерінің айтуныша, әзірге Кенжебаевтың тарапынан ақша түскен жоқ.

Айта кету керек, Руслан Ерденаевтан басқа аталған іс бойынша оның орынбасары Дабыр Медетбеков, БЖЗҚ тәуекелдерді басқару  департаментінің экс-басшысы Мұса Бахтов, «Бузгул Аурум» ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС экс-директоры Азат Найзағарин сотталған болатын.